Толеранттылық мектебі

01-10-2019

Толеранттылық мектебі

Өскемен қаласының студенттері толеранттылық мектебінде жаңа білім мен дағдыны игеріп, дұрыс қарым-қатынас орнату, тіл табысу ерекшеліктерін үйренді. Болашақта олар жанжалсыз тұлғааралық, мәдениетаралық және конфессияаралық диалогқа кіруді алады. Басқа адамдардың көзқарасын қабылдай алып, өзара түсіністік орнатуға тырысады.

Студенттер үшін екі күнге созылған семинар өте қызықты өтті. Олар топқа бөлініп, әрқайсысы денсаулық сақтау, білім беру, экономика және жастар саясаты салаларын қамтыған өз министрліктерін ұсынды. Әр топ мемлекет дамуына ықпал ететін ұсыныстарын айтып, жоба қорғады. Жастардың бұл тың жобаларын жүзеге асыру мақсатында олар еңбектірін толеранттылық мектебінің поштасына жібереді. Мамандардың сараптауынан өткен соң, үздіктерді бір айдан соң мемлекеттік қызметкерлермен кездесуге шақырады. Кездесу барысында жастар пікірталас алаңын құрып, жобаларды өзара талқылайды.  Мемлекеттік орган өкілдерімен ашық диаог құрады.

Жастар үшін оларды билік өкілдерінің елеп-ескеруі маңызды. Олар жаңашылдыққа бет бұрып, тың жобаларды іске асыруға ниетті. Толеранттылық мектебі болса жастардың ойын жүзеге асыру үшін керемет мүмкіндік болды.